Сарайшықта ауқымды істер атқарылады

Сарайшық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Серік Қойшығұлов, Гүлнар Зинеденова, Қылышбай Қазиевтармен кездесу өтті.

Алдымен сөз алған Серік Мақсотұлы «Nur Otan» партиясының бағдарламасын таныстырды.

-Кешегі пандемия кезінде тыныс алу аппараты жетіспей, көп адам көз жұмғанына куә болдық. Бұл жасанды тыныс алу аппараттары әр ауылдық емханада болса да артық етпейтінін көрсетті. «Nur Otan» партиясы үшін азаматтардың денсаулығын сақтау басты міндеттердің бірі болып табылады. Партияның жасақтаған бес жылдық бағдарламасына сәйкес алғашқы медициналық көмек көрсету қызметі тұрғындарға барынша қолжетімді болады. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады. Партия дәрі-дәрмектер қорын тұрақты қамтамасыз ету және медициналық бұйымдар ИВЛ, КТ аппараттарымен қамтамасыз етуге, ауданға қажетті медицина саласының 6 маманын тартуға, 5 бірлік санитарлық автокөлігін сатып алуға, денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуге, дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік пункттерді күрделі жөндеуден өткізуге ықпал етеді. Сарайшық - қазақ хандығының астанасы болғандықтан оған туристердің қызығушылығы басым болмақ. Хан Ордалы Сарайшық мемлекеттік мекемесінде сапар орталығы ашылса, туризмге кең жол ашылар еді. Онда көшпелі көрмелер жиі ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр болар еді. Партияның бағдарламасына сай Сарайшық ауылында 16,8 шақырым ауылішілік жолдар салынады. Сондықтан бәріңізді 2021 жылдың 10 қаңтарында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, - деді С.Қойшығұлов.

Мұнан соң аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, №1 әлеуметтік қызметтер орталығының директоры Гүлнар Зинеденова да партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталды.

-Сарайшық қазақтың жеті ханы жатқан киелі мекен. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында 2023-2024 жылдары 80 орындық бастауыш мектептің құрылысы жүргізілетіні айтылған. Бұл ауыл халқы үшін қуанышты жаңалық екені анық. Партияның бағдарламасында бұдан өзге де аудан халқының игілігі үшін қажетті көптеген ауқымды жұмыстар қамтылған. Сондықтан сіздерді де «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, - деді Г.Зинеденова.

Сарайшық мәдениет үйінің директоры А.Тапахова жаңа мәдениет үйін салу мәселесін көтерді. Қазіргі мәдениет үйі 1973 жылы салыныпты. Сонымен қатар ескі Сарайшыққа жол, балабақша салынса деген ұсынысын да жеткізді. Спорт кешенін салу, көшелерді жарықтандыру мәселелері де қозғалды.

sarai161220-1

№1 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мәдени ұйымдастырушысы З. Нұғыманова ескі мәдениет үйінің орнына жаңасын салып, онда үйірмелер көптеп ашылса деген ұсынысын айтты. Осы орталықтың монша меңгерушісі К.Қапатова соңғы кездері ауылда мүмкіндігі шектеулі балалар көбейгенін айтып, оңалту-түзету(коррекционный) кабинетін ашса деген ұсынысын тастады. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, Талдыкөл орта мектебінің директоры Қылышбай Қазиев те партияның білім саласы жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Зейнеткер Р.Тауов ұялы телефонға шұқшиып, тіл байлығы азайып бара жатқан балалардың көбейіп бара жатқанына қынжылыс білдіріп, үміткерлерден бала тәрбиесіне қатысты жұмыстың күшейуіне ықпалдасуды өтінді.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT