Биылғы жылы Жайық өзенінің өр суы мол және ұзақ мерзімде көтерілуде. Жалпы көктемгі өр суы келген кезде өзен бойындағы су айдындарына және жайылмаларға қара балық тұқымдас қаракөз, табан, сазан, көксерке және т.б балықтар уылдырық шашатын мезгіл.
Сол себептен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, Махамбет балық инспекциясы бөлімі, Махамбет ауданы шегіндегі көлдерге балықтардың уылдырық шашу мезгілін жіті бақылап қадағалайды. Қазіргі таңда балықтардың уылдырық шашуы бір қалыпты. Әсіресе, жайылымға шыққан сазан балықтарын айырмен немесе шанышқымен шаншып алуға болмайды. Заң шеңберінде жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығының жалпы ережесінің 5 тармағында көрсетілгендей мына:
1) үшкір аулау құралдарын (шанышқы, найза, қапқан), өздігінен аулау құралдарын (ілмек, тартпа, артпа), жарылғыш және уландырғыш заттарды, сондай-ақ оқпен атылатын қаруларды қолдана отырып балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тыйым салынсын. делінген.
Сол себептен жоғарыдағы жазылған ережеде көрсетілген құқық бұзушылық, балық аулау ережесін өрескел бұзу деп саналып, ҚР ӘҚБтК- нің 383 бабының 3 тармағы бұзылған деп есептеліп,әкімшілік хаттама жасақталып, балық аулау ережесін өрескел бұзған азаматтардың істері Махамбет аудандық соты мен Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот орындарына жолданып, (20 айлық есептік көршеткіш) 73840 теңге айыппұл салынады.
Балық аулау ережесін өрескел бұзған азаматтардың істері Махамбет аудандық соты мен Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттарына жолданып, (20 айлық есептік көрсеткіш) 73840 теңге айыппұл салынады.
Сотпен қаралып, АЕК пен есептегенде 36920 (отыз алты мың тоғыз жүз жиырма) теңге.
Сонымен қатар жоғарыдағы ережеге сәйкес әуесқой балық аулаушыларға, Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 15 мамыр – 15 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға шектеу қойылған.
Көктемгі мезгілдегі балықтардың уылдырық шашып, қолайлы табиғи ортасы кері шығып кетуі және уылдырықтан жетілген уақ балық шабақтарының Жайық өзеніне еркін бағыттауы, балықтардың көбеюіне мол әсер етеді. Табиғаттағы тіршіліктің жойылып кетпеуі–адамзаттың қолында.
А.АЙМАГАМБЕТОВ,
аудандық балық инспекциясы
бөлімінің бас маманы