Әуесқой балықшылар назарына: балық аулауға 15 мамыр мен 15 маусым аралығында тыйым салынған

Былтырғы жылы, яғни 2021жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, және ол туралы осы баспасөз беттеріне бірнеше рет жарияланса да, ауыл тұрғындары тарапынан қоңырау шалып, осы өзгерістерден бейхабар екендіктерін жеткізуде.

Осы бұйрықтың 8 тарау,  23 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде  15 мамыр - 15 маусым қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілген.

Демек, әуесқой балықшыларға 1 сәуірден бастап ешқандай балық аулауға тыйым салынбайды. Тек әр балықшы жеке куәлікпен бір балықшының 5 данадан аспайтын ілмектері бар қармақпен бір шыққанда 5 келіге дейін ақысыз қандай да бір рұқсат қағазсыз жүзеге асырылады. 

 

Т.ЕСМУХАНОВА,
Махамбет балық инспекциясы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз