Дана ҒАСЫРБЕК: «Еңбек бәрін жеңбек»

«Һамма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз, қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді, әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады» (Абайдың үшінші қара сөзі).

Адам баласы өмірге өз несібесімен келетінін білеміз. Тіпті жәндігін де қорексіз қалдырмайтын Жаратқан әр пенденің өмір сүруіне жағдай жасап қойғаны айтпаса да белгілі. Тек әркімге әрекетіне қарай берекеті берілетінін жақсылап түсініп алғанымыз жөн.

Халқымыз әуелден данышпан, өнертапқыш халық екенін ешкім жоққа шығара қоймас. Ықылым заманнан ата-әжелеріміздің қолөнер, аспаздық өнер, тағы сол секілді өнер түрлерін дөңгелентіп отырғандарын ескеретін болсақ, адамның қолынан келмейтін ештеңе жоғын ұғынуға болады. Себебі, бүгінде бізде мүмкіндіктер өте көп. Сол мүмкіндіктердің орайын келтіріп, ыңғайымызға қарай қолданып, пайдамызға оңтайлы жаратсақ, нұр үстіне нұр болады деп ойлаймын.

99d35907-dd9e-46a7-ac50-cf48ea021311

«Балық берме, балық аулайтын қармақ бер» дейді қазағым. Бұл сөздің астарын түсінген жанның масылдыққа бой алдырмай, қолынан келетін әрбір істен береке табары анық. Сондықтан қолымыздан келетін істі бағалап, еңбек-нанымыздың тәтті дәмін сезініп жүре берейік. «Еңбек бәрін жеңбек» деген мақалды күнделікті ұстанымымызға айналдырайық. Соның арқасында күш-қуатымыз артып, несібеміз молайып, берекеміз ұлғая берері сөзсіз.

 

Дана ҒАСЫРБЕК,

«JARQYN BOLASHAQ» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT