Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда ағымдағы жылдың 12 наурыз сағат 15.00-де құқық бұзушы Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы тұсында Жайық өзені мұз айдыны астына заңсыз салынған ұзындығы 15 метр, ені 1,5 метр, тор көзі 70 х70мм түсі ақшыл жасыл ау құралын қарап жатырған мезгілде ұсталады. Ұсталған мезгілде балығы болмаған.
Аудандық сот кеңсесіне Ж-дан істі өзінің қатысуынсыз қарау, өзінің әкімшілік хаттамамен келісетіні және айыппұл көлемін азайтуды сұраған өтініші түседі.
Сот шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 383-бабының 3-бөлігімен оған жаза ретінде 40 838 (қырық мың сегіз жүз отыз сегіз) теңге айыппұл салынды.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сурет:дереккөз