Махамбетте отандық зауыт салынады

Аудан әкімі Ринат Бауыржанұлы «GURҮEV» ЖШС директорларын қабылдады.

Аудан әкімі Ринат Бауыржанұлы «GURҮEV» ЖШС директорларын қабылдады.

Әкімнің қабылдауында болған серіктестік басшылары өздерінің жобасын таныстырды. Жобаға сәйкес Қазақстан бойынша 100 пайыз отандық өнімдерді қолдану арқылы ыссы және салқын суға арналған механикалық, электронды өлшегіш құрал шығаратын алғашқы зауыт Сарытоғай ауылында салынады.

g

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды» деген болатын.

Мемлекет басшысы айтқандай, осы саладағы табыстарымызға қарамастан,ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса, толыққанды жүзеге асыра алмай отырғанымыз, өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінетіні шындық. 2018 жылдың басында Германияға барған сапарымда әлемдік деңгейде өлшегіш құралдар өндіретін кәсіпорында болған болатынмын. Сол кезде «Неге осындай өлшегіш құралдарды өз елімізде өндірмеске? деген ой келді. Елге келген соң қазақстандық нарыққа анализ жасай отырып жобаның концепсиясын жасап шығардық. Тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденістің, командалық ұйымшылдықтың арқасында толыққанды отандық өнім өндіретін кәсіпорынның жобасы дайын болды. Туған жерге туымызды тігу мақсатында жаңа кәсіпорынның кірпішін өзіміздің кіндік қанымыз тамған Махамбет ауылынан қалағанды жөн көрдік. Сарытоғай елді мекенінен жер алып,құрылысты бастағалы отырмыз. Негізінен ыссы және салқын суды өлшеу құралын шығарамыз. Бірінші кезеңде механикалық өлшеу құралын, екінші кезеңде электронды өлшеу құралын өндіреміз. Электронды өлшеу құралы арқылы көрсеткіш қызмет көрсетуші фирмаға автоматты түрде шығып тұрады. Ай сайын төленетін сома ұялы телефондағы жүктеме арқылы келіп тұрады. Айта кететін ең маңызды жайт, зауыттың экологияға ешқандай зиянды әсері болмайды,– дейді «GURҮEV» ЖШС директоры Жеңіс Бекбасаров.

g

-Кәсіпорынның жалпы сомасы – 979 млн. теңге. Барлығы 83 адам қызмет етеді деп жоспарланған. Оның 62-сі жергілікті тұрғындардан таңдалады. Алдымен мамандықтарға оқыту жұмысы жүргізіледі. Содан соң жұмысқа қабылдау басталады. Механикалық өлшеуіш құралдың бағасы 3500 теңге, ал электронды өлшеуіш құрал 10000 теңге тұрады. Бұл шетелден келетін электронды өлшеуіш құралдардан үш есеге арзан деген сөз. Өнімнің құрамы жүз пайыз отандық өнімдерден жасалады. Сапасы шетелдік өнімдерден артық болмаса кем болмайды, – дейді серіктестіктің коммерциялық директоры Сержан Түсекенов.

Аудан әкімі Ринат Джанглишов жаңа жобаға сәттілік тілеп, жергілікті атқарушы билік тарапынан барлық қолдау көрсетілетінін жеткізді. Айына 18 мың дана су өлшегіш құрал шығаратын отандық кәсіпорын алғашқы өнімін қыркүйек айынан бастап өндіретін болады.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT