Тың серпін берді

Президент Жолдауында: «Қазір дүниежүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басты.  Бұл дәуірдің барша адамзат үшін оңай болмайтыны анық.  Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.  Менің негізгі мақсатым-осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген Қ.Тоқаев өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс екендігін де баса айтып өтті.   

Алда атқарылғалы тұрған 7 іргелі міндетке тоқталды.   Осындай 5-ші міндет-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су инфрақұрылымын жаңғырту-тұрақты дамудың негізгі факторы екенін де еске салды.

Мемлекет басшысының «су мәселесін шешу-әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі» -деді, сондай-ақ  ол  «су стратегиялық маңызы бар ресурс, сусыз өмір жоқ, сондықтан бұл сала ұлттық цифрлық жаңғыру жұмысындағы басты бағыттың бірі болуға тиіс» деп тапсырды.

Мемлекет басшысының Жолдауы махамбеттіктерге тың серпін береді деп ойлаймын.

Бекбол Қыдыров, Махамбет ауылдық округінің бас маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT