Жолдауда ел қозғалысының таяу жылдардағы векторын айқындайтын маңызды бастамалары қамтылған. Олар атап айтсақ жасанды интеллект министрлігін құруц және цифрлық кодты қабылдауды жеделдету, мемлекеттік цифрлық активтер қорын стратегиялық резерв ретінде қалыптастыру, бизнесті қолдау: реттеуші барлау орталығын іске қосу, заңнаманы жеделдету, кәсіпкерлерді шектен тыс тексерулерден қорғау.
Сонымен қатар нақты секторды дамыту және ұлттық өнімді экспортқа шығару, ұлттық әуе жүк тасымалдаушысын құру, мультимодельдық тасымалдаудың басымдығы, Алатау қаласына толық цифрлық қала мәртебесін беру, жаңа құрылым кодексі және 1,2, 3 атом электр станцияларын салу жоспарлары, су ресурстарын есепке алу, цифрландыру және көші-қонды тіркеуді бірыңғай жүйесін құру, әлеуметтік саясат бүкіл ел бойынша төлемдерді біріздендіру және зейнетақы жүйесін нығайту, саяси реформа-бір палаталы Парламентке көшу.
Бұл бастамалар Қазақстанның бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға цифрландыруды шындыққа айналдыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсетеді. Бұл еліміз үшін аса маңызды.
Мәдениет Құлманов, мемлекеттік сала ардагері