Турнирде топ жарған «Таразы»

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «JARQYN BOLASHAQ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Mahambet CUP-2024» дебат турнирі өтті.

Турнир барысында пікір сайысшы- лар «Мектептегі буллингтің алдын- алу – мұғалімдердің тікелей міндеті», «Ата-ана балалардың мамандық таңдауына араласпауы керек», «Ата- аналар балалардың эмоциялық қажеттіліктерін ескеру керек», «Мек­тептерде ЖИ-пен жұмыс істеу – дұрыс шешім» және «Мектептерде он­лайн оқытуды тұрақты формат ретінде енгізу» секілді қарарларды талқылады.

Бірнеше сағатқа созылған пікірталас турнирінің қорытындысында Қызылүй орта мектебінің «Таразы» команда­сы жеңімпаз атанып, 100 000 теңгелік қаржылай сыйақыға ие болды.

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің «Таңдайым» командасы­на екінші орын және 70 000 теңге бұйырды. Жалғансай орта мектебінің «Адырна» командасы үздік үштікті түйіндеп, 40 000 теңгені қанжығаға байлады. «Үздік спикер» атағымен «Таңдайым» командасының ойын­шысы Назира Аралбай марапатталды. Өзге қатысушыларға Алғыс хат және қаржылай сертификаттар табысталды.

Турнир жоғары деңгейде өтіп, жас пікірсайысшылар өздерінің сыни ойлау мен шешендік қабілеттерін шыңдады.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT