Қос ардагер – «Дипломант»

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Жайықтан ескен әсем ән» атты ардагерлер арасында ән байқауы өтті. Өнер додасы ұлттық музыканы құрметтеп, туған жерге арналған рухты және халық әндері арқылы жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді ұялату мақсатын көздеді.

Сондай-ақ, әсем қоңыр дауыста­рымен, сырлы да сазды әндерімен елін, жерін сүйсінткен қазыналы қарттардың өнерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету негізгі талап ретінде қойылды. Облыстық ән байқауына қатысқан ау­дан ардагерлері Алма Тапахова мен Данияш Нұржанова «Дипломант» ата­лымымен марапатталды.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT