Биыл Қазақстанның су басқан 10 облысында төтенше жағдай жарияланған еді. Елдегі су тасқынына көлемі жағынан «соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат» деп баға берілді. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің қызметтері су тасқыны салдарын жою, су тасқынына қарсы іс-шараларды, апаттық-құтқару жұмыстарын тынымсыз жүргізді. Жалпы төтенше жағдайлар таралу аумағына және келтірілген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
ЖАҒА БЕКІТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖҰМЫЛДЫ
Махамбет аудандық №11 ӨСБ- нің қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабына жалпы саны 65 хабарлама тіркелді. Оның ішінде, өрт оқиғасы – 11, өртке жатпайтын жанулар – 31, авариялық құтқару жұмыстары – 12, басқа да шығулар 11 рет тіркелсе, газға уланудың бір оқиғасы орын алды. Белгіленбеген орындарда суға кету оқиғасы тіркелген жоқ.
Автокөлік техникаларында екі, тұрғын үй секторында сегіз, басқа да орындарда бір мәрте өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Электр тоғының қысқаша тұйықталуы салдарынан – 8, пеш құрылғыларында – бір, бөгде адамдардың отпен абайсыздығынан екі мәрте өрт оқиғасы орын алған.