Ауданда «Түбіртек талап ет» акциясы жалғасуда.
Махамбет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ҚР қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдың 12 мамырынан бастап 30 қарашаға дейін «Түбертекті талап ет–жүлдені ұтып ал!» атты 2020 жылғы жалпы республикалық акцияның басталғанын хабарлайды.
Акцияға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Ол үшін ұялы телефонға Wipon мобильдік қосымшасын тегін жүктеу арқылы кассалық чектің фотосын жіберу қажет. Акцияның негізгі мақсаты –құқықтық мәдениетті тәрбилеу,салықтық сауаттылық деңгейін көтеру, көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту,кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекеге ынталандыру.
Акцияға қатысу үшін мынаны білу қажет:
- Тегін мобильдік қосымша Wipon (Google PlayMarket ,AppleAppStore) жүктеу; - Түбертекті ( чек ) суреттке түсіріп жіберу;
- Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар ( жұмыстар жене қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша арқылы(Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие.
Махамбет ауданы бойынша мемлекеттер кірістер басқармасы аталған акцияға аудан тұрғындарын белсене қатысуға шақырады.
Акция бойынша сұрақта: 2-14-13 нөмірі арқылы.
Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы
Сурет:дереккөз