«Өнерпаз» мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты «Ауған асуында от кешкендер» салтанатты шарасы өткен еді. Оған Ауған соғысына қатысқан ардегерлер, зейнеткерлер, мекеме-ұйым қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Светлана Ертілеуқызы ашып, ауғандық ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтап, отбастарына амандық, денсаулық тіледі. Аудан әкімінің орынбасары Ауған жерінде қаза тапқан Ақжайықтық М.Рахметовтің бауыры А.Махонұлына,Ортақшылдық А.Тұржановтың ағасы А.Әзімұлына, Алмалылық И.Мусағалиевтің апасы Ғ.Болатқызына «Алғыс хат» пен ескерткіш сыйлықтар сыйлады. Ол ауданымыздағы 22 ауғандық ардагерді «Ауған соғысына-30 жыл» мерекелік медалімен марапаттап, «Алғыс хат» ұсынды. Әрі Ауған соғысының ардагерлерінің әрбірінің есепшотына 100 мың теңге аударылғанын айтты. Кеш меймандарына әнші Қ.Жұмашев «Ауғанстан-дастан» әнін тарту етті.
Ауған соғысы ардагерлерін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Саменов, Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Е.Айтжановтар құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ауған соғысының ардагері Оңайғали Ысқақов та қаруластарын бүгінгі атаулы күнмен құттықтады. Өнерпаздар Ш.Нұрғалиұлы, Ж.Бейбітова, Б.Аруева, Н.Насимов, Д.Сатқанның әндеріне жиналғандар тәнті болды.
А.Қуанышқалиева.