Салық кодексіне енген өзгерістер мен толықтырулар қандай?

«Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Кірістер басқармасының мамандары «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, аудан кәсіпкерлеріне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық Кодексіне енген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде семинар өткізген болатын.

Семинарды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Болат Махонұлы ашып, шараға келген Кірістер басқармасының мамандарымен таныстырды. Алдымен Махамбет ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы Ә.Қонысов алып, ҚР Салық кодексіне енген өзгерістер, кодексте ЖШС-ке қатысты салық жеңілдіктер мен міндеттері барын айтты. Мемлекеттік кірістер басқармасының салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің басшысы Утешова Бақтылы өзгертілген салық кодексі бизнесті жоғарылатуды көздейтінін айтып, бюджет сыныптамасындағы өзгерістерге, салықтық түсімдер, электронды тауарларды саудалауға да тоқталса, басқарманың салықты әкімшілендіру бөлімінің бас маманы М.Көшмағамбетов толықтай онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға көшіруге тоқталды.

Кәсіпкер Р.Жұмалиев «Ескерту неше күнге беріледі? Ескі кассалық аппаратты пайдалануға бола ма? Салық неге әлеуметтік парақша ашпайды, бар өзгерістерді көріп отыратын» деген сауалдарын тастады. Береке ауылының тұрғыны Г.Шахаева «Сарайшықта тұратын балам газель сатып алу үшін жеке кәсіпкерлігін ашқан еді. «Дамуда» оқығаны жөнінде сертификаты бар. Бірақ кепілге салатыны жоқ. Әлі газелін ала алмай жүр.

Енді жұмыс істемегендіктен кәсіпкерлігін жабуына бола ма?» деген сауал қойды. Тіркелген соң салық есептілігін тапсыратынын, бәрін түгел тапсырған соң берешегі жоқ болса, жабуына болатынын ескертті.

Семинарды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының директоры Б.Махонұлы қорытындылап, салық саласы мамандарына, кәсіпкерлерге алғыс айтты.

А.Текебай.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика