Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауыда жер саласы бойынша да ерекше көңіл бөлді.
Президент өз сөзінде: «Жер – стратегиялық ресурс. Оның бар игілігі елді дамытып, халықтың тұрмысын жақсартуға арналуы керек. Мен игерілмей бос жатқан және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы жерлерін кері қайтарып, оны қайта бөлу туралы тапсырма бердім. Жер иесіз қалмауға тиіс, жерді тек қана оның қадірін білетін азаматтарға беру керек. 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ әкімдер соның 6 миллион гектарын ғана жаңа жер игерушілерге бөліп берген. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы қажет. Бұл – анық нәрсе. Сондықтан әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуге тиіс. Жалпы, жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет. Сол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай, жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс. Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет. Бұл салада цифрлық технологияларды кеңінен қолдану айрықша маңызды. Қазірдің өзінде космомониторинг және геоталдау жүйесі пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оның бәрін қайтаруға септігін тигізіп жатыр. Жұмысты жалғастыру қажет. Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек. Соның негізінде жердің сапасына, егіннің шығымына, дәнді-дақылдардың жай-күйіне және қай жерге қандай дақыл егілгеніне терең талдау жасалуға тиіс, - деді өз жолдауында. 2022 жылдан күні бүгінге дейін Махамбет ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы көлемі 42 820 гектар болатын 166 өз мақсатына сай пайдаланбай отырған жер учаскесі ауданның арнайы жер қорына кері қайтарылды. Атап айтсам, 2022 жылы 11 649 гетар 32 жер, 2023 жылы 16 954 гетар 65 жер, 2024 жылы 6709 гектар 32 жер қайтарылды, 2025 жылы 7508 гектар 37 жер қайтарылды.
Осы қайтарылған жердерді кері айналымға енгізу үшін яғни нақты игеретін азаматтарға беру бағытында жыл сайын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс ұйымдастырылып келеді. Осы жылыда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелін табыстау мақсатында 3 қараша күні конкурс өткізілетіндігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама жарияланды. Күні бүгінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы беру, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы мен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес қағаз түрінде өтіп келеді. Осы жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы табыстау, жер қатынастары саласындағы заңсыздық пен қағазбастылықты жояды деп санаймын.
Сонымен қатар, цифрлық технологияларды кеңінен айрықша қолдану барысында космомониторинг және геоталдау жүйесі пайдалана отырып жасанды интеллект арқылы спутникпен мониторинг жасау жер учаскесіне аяқтай барып қарамай егін еккендігі, көп жылдық шөптердің өсіп тұрғандығы немесе мүлдем егермей жатқандығын анықтап жер қайтару жұмыстарына көп септігін тигізетіндігі сөзсіз.
Ақылбек Салиев,
аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы