Әлемдік тұрақтылыққа бастар жол

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында сөйлеген сөзі – бүгінгі әлем үшін аса өзекті үндеу болды. Президент көтерген мәселелер халықаралық қатынастардағы сенімнің әлсіреуі мен жаһандық дағдарыстардың тереңдеуіне бейжай қарамауға шақырып, бүкіл мемлекеттерді ортақ әрекетке жұмылдыру қажеттігін көрсетті.

Әлемді алаңдатқан азық-түлік тапшылығы, климаттың өзгеруі, әлеуметтік теңсіздік сияқты түйткілдер тек қана бүгінгі күннің емес, ертеңгі ұрпақтың да тағдырына тікелей ықпал етеді. Сондықтан Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты басты құндылық ретінде алға шығарып, халықаралық құқық нормаларын сақтау туралы ұстанымы – бүкіл адамзатқа үлгі боларлық ұстаным.

Жастар үшін бұл үндеудің мәні ерекше. Өйткені әділеттілік пен сенімге негізделген жаңа халықаралық тәртіп – біздің болашағымыздың кепілі. Президент айтқан ойлар әрбір жас қазақстандыққа елінің әлем алдындағы жауапкершілігін сезініп, бейбітшілік пен ынтымақты сақтауға үлес қосуға жол ашады.

 

А.Қонысбаев,

Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT