Кәсіпкерден 30 тегін газет

Жергілікті азамат, «Ауыл» партиясының аудандық филиалының төрағасы, «Досқайыров» шаруа қожалығының басшысы, жеке кәсіпкер Мұрагер Жеңісбайұлының есімі аудан жұртшылығына етене таныс. Аудан, ауыл көлемінде өтетін түрлі шараларға әрдайым демеушілік танытып, игілікті ісімен көпке үлгі болып жүрген азаматтың баспасөзге деген құрметін ерекше атап өтуміз керек.  

Ол 2025 жылдың екінші жартыжылдығына баспасөзге жазылу науқанында 20 ардагерді аудандық «Жайық шұғыласы» газетіне тегін жаздыруға демеушілік көрсетсе, 2026 жылға тағы да 30 адамды тегін жаздырып,  аға буынның алғысына бөленіп отыр.

«Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, өз пайдаң соның ішінде» деп халқымыз айтқандай, осындай қарапайым ғана ізгі іс адам баласын алғыс пен құрметке ғана емес, рухани  байлыққа бастайды. Себебі, әрбір ізгі іс адамның жүрегін тазартып, өмірге деген сенімін күшейтеді. Ал қоғамда мұндай мейірімді адамдар көбейсе, еліміздің ертеңі де нұрлы болмақ. 

Осы орайда біз ұжым атынан жергілікті кәсіпкер Мұрагер Жеңісбайұлының  газетімізге әрқашан қолдау білдіріп әрі аға буын өкілдеріне көрсетіп жатқан осындай құрметі үшін алғыс білдіреміз. Лайым, елінің қамын жейтін осындай жанашыр азаматтарымыздың қатары көп болғай!


Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT