« Цифрлық дәуір мектебі - болашақтың кепілі »

Президентіміз Тоқаев Жолдауында көтерген мәселе – уақыт талабы. «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа білім ордаларының бой көтеруі біз, мұғалімдер үшін зор қуаныш. Бұл – балалардың сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан нақты қадам. Қазіргі таңда ауылды жерлерде де заманауи мектептердің салынуы жас ұрпаққа тең мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекті меңгерудің маңызына тоқталуы да өте орынды. Себебі, болашақ мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы – осы саладағы білім мен дағдыларға байланысты. Информатика пәні мұғалімі ретінде мен оқушыларды тек компьютерлік сауатқа ғана емес, жасанды интеллект, алгоритмдік ойлау, цифрлық мәдениетке баулудың қаншалықты маңызды екенін күн сайын сезінемін. 

ЖИ технологиялары оқу үдерісінде әр оқушының жеке қабілетіне бейімделген жаңа әдістерді қолдануға жағдай жасайды. Ал ғылыми зерттеулерде үлкен деректерді талдау арқылы жаңа жаңалықтарға жетудің мүмкіндігі артады. 

Бүгінгі бала – ертеңгі маман. Олардың бойына сыни ойлау, шығармашылық қабілет пен цифрлық ортада дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру – біздің басты міндетіміз. Жаңа мектептер мен жаңа бағдарламалар осы жолда үлкен мүмкіндік берері сөзсіз.

 

Н.ХАМЗИН,

Қызылүй орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT