"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Еңбек адамы – елдің тірегі. Жұмысшы мамандықтарын қайта жандандыру – біздің басты міндетіміз» деп атап өтті. Мен осы сөздерді басшылыққа ала отырып, өз мамандығымды мақтанышпен атқарып келемін."
Жолдауда көрсетілгендей, еліміздің дамуында жұмысшы мамандықтардың, соның ішінде механизаторлардың рөлі айрықша. Бұл мамандық тек техниканы басқару емес, ауыл шаруашылығының іргесін нықтап тұрған нағыз еңбек иесінің ісі деп білемін.
Сол себепті мен өз мамандығымды мақтанышпен атқарып, ел экономикасына, әсіресе аграрлық сектордың дамуына өз үлесімді қосуға әрқашан дайынмын.
М.Мағзомов
Махамбет ауданы тұрғыны, механизатор