Цифрлық даму және жасанды интеллект

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектке арналған жолдауы еліміздің жаңа технологиялық кезеңге қадам басқанын айқын көрсетеді. Бұл бастама аудан экономикасын жаңғыртуға да зор мүмкіндік ашады. Біз жасанды интеллектті енгізу арқылы жергілікті салалардың тиімділігін арттыруды маңызды міндет деп санаймыз. Әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін нарықты автоматты талдайтын цифрлық құралдарды пайдалану, кәсіпкерлерге онлайн кеңес беретін смарт-жүйелерді енгізу мәселелеріне басымдық бермек.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығында да жаңа технологияларды қолдану жоспарланып отыр. Егістіктердің жағдайын талдайтын, мал денсаулығын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдер еңбек өнімділігін едәуір арттырады. Тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін өтініштерді өңдейтін және ақпарат беретін жасанды интеллект негізіндегі қызметтерді енгізу қарастырылуда.

Д.Жолдасқали

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT