Денсаулық сақтау саласын дамыту – ауданның басты бағыты

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлердің мәртебесін көтеру және әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі ерекше атап өтілді. Бұл – қоғамның ең маңызды салаларының бірі үшін қабылданып жатқан уақытылы әрі қажетті қадам.

Ауданымызда да бұл бағыттағы жұмыстар біртіндеп жүзеге асуда. Медициналық мекемелерді жаңғырту, материалдық-техникалық базаны күшейту, дәрігерлерді ынталандыру және жас мамандарды тарту – басты назарда. Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін кадр тапшылығын азайту, мамандардың еңбегін лайықты бағалау – бүгінгі күннің талабы. Жолдауда көрсетілген бастамалар аудан деңгейінде де айқын қолдау тауып, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға зор мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта да медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, әлеуметтік қолдауды күшейту және сапалы қызмет көрсету тізбегін нығайту жалғасын табатынына сенім мол. Бұл – азаматтардың денсаулығын қорғауға, елдің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды міндет.

 

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT