ЦИФРЛАНДЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ — БҰЛ УАҚЫТ ТАЛАБЫ ҒАНА ЕМЕС, ЕЛДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ШЕШІМІ. БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУ, ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚТЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ СМАРТ ЖҮЙЕЛЕРМЕН ЖАБДЫҚТАУ — МҰНЫҢ БӘРІ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕР. БҰЛ ӨЗГЕРІСТЕР ЕЛ ҚОРҒАНЫСЫН КҮШЕЙТІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ЖАСТАРДЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРАДЫ.

SARBAZ+ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ

Сарбаздардың жеке және кәсіби әлеуетін дамытуға, қызмет көрсету жағдайларын жақсартып, за­манауи технологияларды күнделікті әскер өміріне кіріктіру бағытында жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің SARBAZ+ пилоттық жобасы іске қосылуда. Соның аясында биыл күзде бір әскери бөлімдегі 150 әскерге шақырылушы жаңа үлгі бойынша қызмет атқара бастайды. Бұл жо­бада тек сарбаздар ғана емес, бөлімнің офицерлік және сержанттық құрамы да біліктілігін артты­рудан өтетін болады.

Е-GOV ЦИФРЛЫҚ

ПОРТАЛЫНЫҢ АНАЛОГЫ

Еgov.kz порталы сияқты заманауи, ыңғайлы және ашық жүйеде – кез келген әскери қызметші қызмет еткен мерзімін, қашан демалыс алатынын, келесі атақ қашан берілетінін, рапорттар мен бұйрықтарды көреді, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді алады. Тағы бір цифрлық жоба – «Jauynger. gov.kz» Бұл келісім шарт бойынша әскери қызметке қабылдау порталы. Қарулы Күштерге кіру оңай болуы үшін оннан астам ақпараттық жүйемен интеграция жүргізілді. Жоба келісім шарт бойынша әскери қызметке қабылдау мерзімін 6 айдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

ӨТІНІМ БЕРУДІҢ ОНЛАЙН МОДУЛІ

Модуль өтінімдерді қағаз құжат айналымынсыз толық цифрландыруды қамтамасыз етеді, әкімшілік жүктемені азайтады, рәсімдеуді тездетеді және әсіресе шалғай өңірлерден келген әскери қызметшілер үшін шетелдік оқудың қолжетімділігін арттырады. Бұл жобалардың бәрі оқу процесін іске асыру, әскери мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

ҚЫЗМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Кезекте тұрған әскери қызметшілерге тұрғын үйді автоматты түрде бөлу, кезектен шығаруға және жалдау шарттарын бұзуға жататын адамдарды автоматты түрде анықтау, қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бағытында пилоттық бағдарламалар жүргізу бойынша жұмыстар басталды. Осылайша, жоғарыда аталған іс-шаралар аяқталғаннан кейін әскери қызметшілерді цифрлық фор­матта тұрғын үймен қамтамасыз етудің толық циклін енгізу жоспарлануда.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

Медициналық тексеруді цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді және процесті жеделдетеді. Алғашқыда бұл бастама Астана қаласының әскери комитетінде сыналды. Қазіргі уақытта жүйе Астана қаласымен қатар, Алматы, Шымкент, Қарағанды облыста­рында жұмыс істейді. Әскерге шақырылушы әскери комиссариатқа келіп, өзінің ЖСН-ін атайды, оны тіркейді, антропометриялық деректерді түсіреді. Медициналық көрсеткіштер бойынша оның барлық деректері ақпараттық жүйелерден арнайы жүйеге тартылады. Жүйеден онлайн режимінде флюорографияны, талдауды, ЭКГ-ні көруге болады. Қажет болған жағдайда дәрігерлер қосымша медициналық тексеруге жібереді. Өткен жылы 15 мыңға жуық адамның деректері цифрланды­рылса, 2025 жылы көктемгі шақыру кезінде 5,5 мың адам осы е-медициналық тексеруден өткен. Жылына орта есеппен 10 мыңнан астам әскери қызметшіге әскери-медициналық мекемелерде цифрлық форматта қызмет көрсетіледі.

Келбет БАЛТӨРИНА,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің

жұмылдыру ресурстарын есепке алу және мемлекеттік қызмет көрсету

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT