Мемлекет қазынасының сенімді сақшысы

Қазақстан Республикасы қазынашылық жүйесінің тарихы еліміз- дің тәуелсіздік алған кезеңімен тығыз байланысты. Қазақстанда экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін елдегі ақша айна­лымын бақылау мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек болды, осы кезде мемлекеттік қаржы басқармасын реформалау қажеттігі туындады.

Осы міндетті мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы қаңтар айындағы Жарлығымен Қаржы министрлігі бас Қазынашылық басқармасы құрылды. Қазынашылық жүйесінің құрылуының алғашқы саты­сында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есеп-айырысу кассаларының орнына аумақтық қазынашылық басқармалар құрылды. Олар бюджеттік қаражаттардың түсуін және оның мемлекеттік мекемелердің шотына аударылуын қадағалап отырды.

1995 жылы Қазынашылық әлемдік тәжірибеге сәйкес, Қазақстан Респу­бликасы бюджетінің кірістері мен шығындарының жаңа бюджеттік клас­сификациясын жасап шығарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Ұлттық Банкінің есеп-айырысу кассаларының орталықтары Қазынашылық база­сында құрылған Бюджеттік банктің қарауына берілді. Бұл банк бөлімдері мен облыстық қазынашылық басқармалары бір-бірімен тығыз қатынаста жұмыс істеді. Бұл банкті сол кезде Уайсова Рахыш Орынбасарқызы басқарған еді.

Қазынашылықтың қаржылық жүйесін дамытуда шешуші рөл атқаратын жұмыстардың бірі-1996 жылдың маусым айында Ұлттық бан­кте Қазынашылық бірлестігі шотын ашу болды. Екі жылдан соң 1998 жылы Махамбет аудандық Қазынашылық бөлімі құрылған болатын. Бұл бөлімді 1999 жылдың сәуір айынан Айтқалиева Гүлайым Сайынқызы басқарды. 2004 жылы Қазынашылық бөлімнің барлық аумақтық органдары республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттерге кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ете оты­рып, бірыңғай ақпараттық жүйесіне көшірілді. Жаңа жүйе бюджет қаражатының нақты және мақсатты орындалуын бақылайды. 2008 жылдың шілдесінде Махамбет аудандық қазынашылық бөлімі басқарма болып қайта құрылды. Бұл басқарманы Айтқалиева Гүлайым Сайынқызы 2013 жылдың қарашасына дейін басқарды.

2012-2014 жылдары «Қазынашылық- Клиент» мемлекеттік мекемелермен электронды құжат айналым жүйесі іске қосылды. Бұл қаржы құжаттарын қабылдап, өңдеуге қазынашылықтың функцияларын автоматтандыруға мүмкіндік беретін жүйе. Ма­хамбет аудандық Қазынашылық басқармасында 2013 жылдың қарашасынан 2020 жылдың қазанына дейін басшылық еткен Сүйінғалиев Жазылбек Төлемісұлынан кейін бұл жауапты қызметке 2020 жылдың қазанынан бастап Губайдуллин Аскар Әділбекұлы тағайындалды.

Қазынашылық басқарма 2013 жыл­дан бастап халық саны екі мыңнан аса­тын 9 ауылдық округтерге IV деңгейлі бюджет жергілікті өзін-өзі басқару шоттарын ашып және 47 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетеді. Аудандық қазынашылық басқармасы туралы айтқанда, мекеменің қалыптасуы мен дамуы жолына үлес қосып келе жатқан қызметкерлерімізді де атап өтуіміз керек. Қазіргі кезде бас маман-бас қазынашылар Нұргүл Қашауова, Гаухар Сафиев, Айнұр Жанаевалар жұмыс жасайды. Жиыр­ма жылдан астам уақыт қаржы және қазынашылық саласында адал еңбек етіп, 2007 жылдан бастап басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған Алтын Құрманбаева биылғы жылы зейнеткерлікке шығып, ардагер маманымызға лайықты сый-құрмет көрсетілді.

Қазынашылық – мемлекеттік қаржының ашық әрі тиімді қолданылуын қамтамасыз ететін жа­уапты сала. Біздің жұмысымыз елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей ықпал етеді.

Аскар ГУБАЙДУЛЛИН,

аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT