Цифрландыру мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі.

Президенттің Бас прокуратурада өткен жиындағы сөзі қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерін дөп басты. Әсіресе киберқылмыс, интернет-алаяқтық және деструктивті контенттің таралуына ерекше назар аударылуы – уақыт талабынан туындаған орынды шешім.

Мемлекет басшысы құқық қорғау саласында цифрлық жүйелерді біріздендіру, заманауи технологияларды тиімді пайдалану қажеттігін нақты айтты. Бұл қадамдар қылмыстың алдын алуға, құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар заң талаптарының бұлжытпай орындалуы, жауапкершіліктің күшеюі – қоғамдағы тәртіптің негізі. Президент көтерген мәселелер құқық қорғау органдарының жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыруға жол ашады деп ойлаймын.

#ЗаңЖәнеТәртіп
#ҚауіпсізҚоғам
#Цифрландыру
#КиберҚауіпсіздік

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT