Әкімшілік сот ісін Конституция деңгейінде бекіту – сот жүйесін реформалаудағы ең маңызды қадамдардың бірі. Бұл өзгеріс мемлекеттік орган мен азамат арасындағы дауларда құқықтық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жер, тұрғын үй, әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік қызмет көрсету салаларында азаматтардың шағымы көп, алайда процестің күрделілігі олардың құқығын толық қорғауға кедергі келтіреді.
Әкімшілік сот өндірісінің Ата заңда нақты көрініс табуы соттардың тәуелсіздігін арттырып, шешім қабылдау кезінде заң үстемдігін күшейтеді. Бұл – құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталған жүйелі реформа. Ұсынылып отырған түзетулер қағаз жүзіндегі өзгеріс емес, азаматтардың күнделікті өмірінде сезілетін нақты құқықтық кепіл болуға тиіс.
Айдос Сәрсенбаев,
заң ғылымдарының кандидаты,
конституциялық құқық саласының сарапшысы


