ТШО ұсынған мамандықтарына іріктеу өткізілді

Оқу орталықтарына іріктеу жүргізілді.

t

Атырау облысы және Махамбет ауданы әкімдігінің қолдауымен, "Теңізшевройл" ЖШС-і өкілдерінің қатысуымен Махамбет және Индер аудандарының жұмыссыз азаматтарын оқуға іріктеу бойынша тестілеу өткізілді. Тестілеуге 140-қа жуық адам қатысты.

t

Тестілеуден сәтті өткендер "West way service" және "АПЕК" оқыту орталықтарында келесі мамандықтар бойынша білім алатын болады:

t

Жұмысшы (ұста, арматуршы, бетоншы), ағаш сатылы монтаждаушы, электрмонтаждаушы, құбырмонтаждаушы, бақылау-өлшеу құралдарының автоматикасы, темір конструкциясын дәнекерлеуші.

t

t

Оқыту 3 айға созылады. Жататын жері, үш мезгіл тамағы тегін. Бірақ стипендия төленбейді. Мұндай іріктеу шараларын өткізудегі мақсатымыз - мамандығы жоқ азаматтарға қажетті білім беру, алайда, жұмыспен қамтуды міндетімізге алмаймыз -, дейді Нұрадин Өмірбаев "Теңізшевройл" ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің кеңесшісі.

Қазбек Айтқалиев

Сурет:автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT