20 кәсіпкердің құқы қорғалды

Қашанда кәсіпкерлердің құқын қорғап, кеңесін беріп, грант, несие иегері атануына мүмкіндік туғызатын мекеменің бірі - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Махамбет ауданы бойынша директоры Б.Рахметов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берді.

b

-Бүгінгі таңда Махамбет ауданында 1592 белсенді шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Аудан халқының 5 пайызы кәсіпкерлікпен айналысады. Махамбет кәсіпкерлер палатасына түскен өтініштерді сараласақ, жер мақсатын өзгерту, жер алу, кірістер басқармасы, мемлекеттік сатып алу, «Атырау-Жарық» АҚ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мекемелерімен байланысты өтініштеріне орай келісімдер жасалып, хаттар жолданып, өз шешімдерін тапты.

Аудан кәсіпкерлерін көп жылдан бері толғандырып жүрген табиғи газдың алдын ала төлемі, артық-кем есептегіш құралдарына шыққан төлеміне айыппұл салу фактісі бойынша 20 кәсіпкердің жолдаған өтініші облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жолданған-ды. Бұл мәселе бойынша облыс, республика деңгейінде кездесу жиындары өтіп, 2019 жылдың тамызында өз шешімін тауып, Үкіметтің қаулысымен алынып тасталды, – деген Б.Рахметов «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау-бизнес», «Жас кәсіпкер», жобалары, «Бизнес кеңесші» оқу бағдарламасы арқылы білімін кеңейткендер, «Игілік», «Сыбаға» бағдарламалары негізінде несие алып, өз кәсібін ашқандар, ашқысы келетіндер күн санап артып келе жатқанына тоқталды.

b

«Жас проджект» жобасына қатысушы 20 жас 19,6 млн теңге қаражатқа қол жеткізіп, өз кәсіптерімен айналысып жатқанын да атап өтті. Ауданымыздың 4 мектебінде пилоттық жобада 10 сынып оқушыларына «Кәсіпкерлік негіздері» жаңа пән енгізілгенін, ауылшаруашылық бағытында жеміс-жидек ағаштарын күтіп-баптау, өсіру технологиясы туралы Алматыдан келген ғылыми институт мамандары, ғылым докторларымен арнайы кездесу, семинарлар өткізіп, шаруа қожалықтарында түсінік жұмыстары ұйымдастырылғанын, 2020 жылдан бастап жер конкурсты электронды түрде өткізілетінін тілге тиек етті.

Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берген «Атамекен» ҰКП Махамбет аудандық филиалы директоры Б.Рахметов кездесуді қорытындылап, қатысушыларға алғыс айтты.

А.ТЕКЕБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT