Қызметтік қызмет көрсету сапасы жақсарды ма?

Махамбет аудандық әкімдігі мен ХҚКО-ның ұйымдастыруымен Махамбет аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті.

Жалпы жәрмеңкенің басты мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтарына байланысты толық ақпарат беру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және e.gov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру еді.

Аталған жәрмеңкеге мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдердің өкілдері мен Махамбет ауылдық округінің мамандары қатысты. Шара барысында тұрғындарға әлеуметтік, тұрғын үй, жер қатынастары, ауыл шаруашылық, ветеринария, спорт, білім және экономика салалары бойынша кеңестер берілді.

Қатысушыларға электронды қызмет көрсетуді насихаттау мақсатында 30-ге жуық брошюра таратылды.

А.Арманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз