Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деген ұстанымын қолдаймын.
Заң үстемдігі мен тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының кепілі. Әрбір азамат заңға бағына отырып, қоғамдағы әділдік пен қауіпсіздіктің сақталуына үлес қосады. Президентіміздің бастамасы әділ сот жүйесін қалыптастыруға, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғаны қуантады.
Біз заң мен тәртіпті бұлжытпай орындағанда ғана еліміздің болашағы жарқын болып, жаңа технологиялар дәуірінде де сенімді әрі тұрақты мемлекет құра аламыз.
А.ТАҒАМБАЕВА