Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған жасанды интеллектіні ауыл шаруашылығына енгізу бастамасы – уақыт талабына сай аса маңызды қадам. Бұл бағыт ауыл шаруашылығы саласындағы тиімділікті арттырумен қатар, жер ресурстарын ұтымды пайдалануға, егіннің шығымдылығын арттыруға және дақылдардың жай-күйін нақты бақылауға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект пен спутниктік мониторинг технологияларын қолдану арқылы жердің сапасын анықтау, егіс алқаптарына талдау жасау, иесіз жатқан жерлерді анықтау секілді маңызды жұмыстарды автоматтандыруға жол ашылады.
Бұл бастама орман және агроөнеркәсіп саласына да тікелей әсер етіп, экологиялық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы, Жолдаудағы жасанды интеллект дәуіріне қадам басу – еліміздің жаңа технологиялық өрлеуінің бастауы деп білеміз.
Д.БЕРІКОВ,
Махамбет ауданы тұрғыны