Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар

Елімізде жарияланған Жолдау — мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Онда заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру және тәртіпті нығайту мәселелері ерекше назарға алынған.

«Заң және Тәртіп» қағидаты – қоғамдағы әділеттіліктің, азаматтардың қауіпсіздігі мен сенімінің негізі. Құқықтың үстемдігі әрбір азаматтың құқығын қорғауға, кез келген заңсыз әрекетке тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Заңды құрметтеу – мемлекеттің мызғымас тұрақтылығы мен қоғамның адалдыққа бейімделуінің кепілі.
Сондықтан құқықтық білімді көтеру, тұрғындардың заңға деген жауапкершілік деңгейін арттыру, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру – уақыт талабы.

Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға ауданымыз да өз үлесін қоса береді ойлаймын. Заңды құрметтеу және тәртіпті сақтау — әрбір азаматтың парызы. Осылайша біз бірлесіп тәртіпті, әділетті және мықты мемлекетті қалыптастырамыз.

 

Д,ЖОЛДАСҚАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT