Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында туризм инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытуға басымдық беру – өңірлердің әлеуетін арттыруға бағытталған тиімді қадам. Бұл міндет жергілікті билік пен қоғам тарапынан бірлескен күшті талап етеді.
Ауданымызда табиғи көрікті жерлер мен тарихи құндылықтарды дәріптеп, оларды қолжетімді ету – туризмнің дамуына негіз болады. Сонымен бірге, сапалы жол, қызмет көрсету нысандары, ақпараттық қолжетімділік пен қауіпсіз орта қалыптастыру – біз назар аударатын басты бағыттардың бірі.
Туризм тек экономикалық драйвер ғана емес, ол еліміздің мәдени келбетін танытатын маңызды сала. Сондықтан ауданымыз Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыру жолында мақсатты жұмыс атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуге ниетті.
Г.Сәдуақас


