Соңғы жылдары қоғамда жиі талқыланып жүрген мәселелердің бірі – құмар ойынға тәуелділік, немесе лудомания. Бұл адамның психологиялық күйіне, қаржылық жағдайына және жалпы өмір сапасына айтарлықтай әсер ететін жағымсыз әдет.
Лудоманияға ұшыраған адам ойынды эмоциялық серпіліс пен жеңіл пайда көзі ретінде қабылдайды. Алайда шынайы нәтиже керісінше – уақыт пен қаражат жоғалту, өз-өзін кінәлау, күйзеліс пен оқшаулану сезімі. Қазіргі таңда көпшілікке қолжетімді онлайн-ойындар мен бәс тігулер тәуелділікке тез әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе туралы ашық айту, жастар мен ересектерге ақпараттық түсіндіру, ойынға деген көзқарасты өзгерту – өте маңызды қадам.
Құмар ойын – жеңіл жолмен баюдың тәсілі емес, керісінше адамның психологиясы мен ерік-жігеріне ауыр салмақ түсіретін тәуекел. Әр азамат өзінің және отбасының әл-ауқаты үшін бұл әдеттің салдарын түсініп, жауапты шешім қабылдауға тиіс. Салауатты ойлау мен пайдалы әдеттер қалыптастыру – лудоманияның алдын алу жолындағы ең маңызды фактор.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ


