Тәртіп бар жерде тазалық бар

Махамбет ауылының тазалық жұмыстарын осы жылдың бес айында «Иманалин» ЖК атқарса, қалған жеті айында ЖК «Есенбаева» атқарып келеді. Қазіргі уақытта тазалық мекемелерінде 23 адам жұмыс жасайды. Оның үшеуі – қоқыс полигонында күзетші, үшеуі – көлік жүргізуші, 17-сі – көше тазалықшысы. Бұлардың әрқайсысына бөлінген көше аумақтары бар. Аптасына 6 күн тазалық жұмыстарымен айналысады.

Өткел ауылының тазалығын қамтамасыз етуге «Мансап орталығы» арқылы 3 адам жұмысқа алынды.

Ауылдық округте 45 қоқыс алаңшасы бар және 310 контейнер орналасқан. Биыл 10 алаңша салынып, пайдалануға берілді . Бұның бір тиімділігі контейнердегі қоқыстарды жануарлар мен құстар шашпайды. Соның өзінде адамдардың қоқыстарын контейнерге жеткізбей төгу фактілері анықталып отыр. Әкімдік арқылы 50 еуропалық стандарттағы контейнерлер берілсе, мекеме арқылы 70-сі сатып алынды. Жұмысшылар таңғы сағат 07.00-ден кешкі 18.30-ға дейін осы контейнерлердің қоқыстарын шығарумен айналысады. Оған 1 қоқыс таситын көлік және тіркемелі трак тор жұмылдырылған.

Жұмысшылар қажетті құрал - саймандармен күрек, сыпырғыш, қолғап, жилетпен толықтай қамтылған. Осы айда аудандық әкімдік арқылы 1 жаңа трактор алынып берілді.

Ауданда «Таза Қазақстан» акциясын өткізу жөнінде 18 пункттен тұратын іс-шара жоспарыжасақталып, барлық ауылдық округке орындау үшін жолданды. Нәтижесінде сенбіліктер ұйымдастырылып, мекеме айналасындағы, саябақ, ойын алаңдарындағы, көше жанындағы шөптер тазартылып, ауылдың ішін және сыртын, тас жол айналасы, жағалауларды тазалау жұмыстары жүргізіліп , 1700 тонна қоқыс шығарылды. Ауыл тұрғындарына және кәсіпкерлік нысандарға айна-ласын таза ұстау жөнінде ескерту хаттары таратылды. Жайық жағасы кесілген ағаштардан тазартылды. Ар-найы трактордың көмегімен ауыл ішіндегі көшелердегі тұрғын үйлер алдында көмілген ескі дөңгелектер, қураған ағаштар, тастардың үйінділері жиналып, алынды.

Ауыл ішіне «Таза Қазақстан» акциясының бильборды ілінді. Учаскелік полицейлермен бірлесіп, рейдтер ұйымдастырылып, ҚР ӘҚБ-тың 505-бабы бойынша көшелерге құрылыс материалдарын төккен 116 тұрғынға ескерту жасалып, құрылыс материалдары алынды. Онымен қоса ауыл ішінде үй жануарларын бақылаусыз жіберген 15 тұрғынға 88 470 теңге айыппұл салынды. Ауданда көгалдандыру бойынша 2 шағын саябақ салынып, оған 260 тал отырғызылып, «Жасыл белдеуге» 1300 тал отырғызылды. «Жасыл белдеуге» 2,6 шақырым су желісі жүргізіліп, қоршаулары түгел сырланды.

 

Нұрлан САПАРОВ,

Махамбет ауылдық

округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT