Ауданда "Тұрмыс" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру және бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалған құқық бұзушылықты және қылмысты жою, сондай-ақ оларға профилактикалық ықпал ету жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шара барысында ІІО есебінде тұрған "қорғау нұсқамамына" алынған тұлғалар, "қолайсыз отбасы", "әкімшілік қадағалауға формальді түрде жататындар", және тағы басқа санатта тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тексерілуде. Сонымен қатар, бөлімінің ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны А.Сапарғалиевамен тұрғындарға жадынамалар таратылып түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
А.Сапарғалиева
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының
инспекторы полиция капитаны