Тұрғын үйлерде болатын өрт оқиғалары көбіне өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтамаудан туындайды. Атап айтқанда, жанып тұрған пештер мен электр құрылғыларын қараусыз қалдыру, жылыту жүйелерінің қатып қалған құбырларын ашық отпен жылыту, дәнекерлеу жұмыстарын өртке қарсы талаптарды сақтамай жүргізу, отпен абайсыз жұмыс істеу және балалардың отпен ойнауы өрттің негізгі себептері болып табылады.
Тұрғын үйлердегі өрттер ірі материалдық шығын келтіріп қана қоймай, кей жағдайларда адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан өрттің алдын алу – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пәтерлерде, жертөлелерде, шатырларда және тұрмыстық қоймаларда өртке қарсы қатаң режим сақталуы тиіс. Бұл үй-жайлар жанғыш материалдардан, қоқыстан және қағаз қалдықтарынан тазартылуы қажет.
Шатырлар мен жертөлелер үнемі құлыптаулы болуы керек және бұл орындарға тек жауапты адамдардың ғана кіруіне рұқсат етіледі. Аталған үй-жайларда жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға, темекі шегуге, үрлегіштерді қолдануға немесе ашық отты пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Жертөлелерге немесе шатырларға түскен кезде жарықтандыру үшін тек электрлік қалта шамдарын қолдану қажет. Баспалдақ алаңдарында шаруашылық қоймаларын ұйымдастыруға, өту жолдарын, дәліздер мен эвакуациялық шығуларды түрлі заттармен жауып тастауға жол берілмейді.
Пештерді жағу және тұрмыстық жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде аса сақтық қажет. Пештерді тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жағуға, жанып тұрған пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ от жағуды кәмелетке толмаған балаларға тапсыруға қатаң тыйым салынады.
Сонымен қатар өрттің шығуына электр сымдарының ақаулығы да себеп болуы мүмкін. Сондықтан үйден шығар алдында барлық электр құрылғыларының өшірілгеніне көз жеткізу қажет.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен мүлкіңізді қорғаудың ең сенімді жолы.
Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі


