Тұрақты даму мен қауіпсіздік – Жолдаудың басты өзегі

Қазіргі таңда әлемде саяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер өте жылдам жүріп жатыр. Осындай күрделі кезеңде Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы ел үшін дұрыс бағыт таңдаудың маңызын тағы бір рет көрсетті.

Жолдауда Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету басты мақсат ретінде қойылған. Президент жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытудың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігі, экономиканың беріктігі және заман талабына сай реформалар жүргізу қажеттілігі нақты айтылды. Бұл бастамалар елді түрлі қатерлерден қорғап, бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы алғанда, бұл Жолдау – болашаққа жасалған сенімді қадам. Онда көтерілген мәселелер қоғам үшін өзекті әрі уақыт талабына сай. Ұсынылған бағыттар толық жүзеге асса, Қазақстанның дамуы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ,

МАХАМБЕТ АУДАНЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT