Фармацевтика дамуы – халық денсаулығының кепілі

Денсаулық – кез келген елдің ең басты байлығы. Сол себепті фармацевтика саласының дамуы тек медицина үшін емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тәуелсіздік үшін де аса маңызды. Бұл мәселенің Жолдауда ерекше аталуына назар аударуға болады.

Мемлекет басшысы отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамытуды стратегиялық міндет ретінде атап өтті. Өзімізде өндірілетін дәрі түрлері мен көлемінің артуы шетелге тәуелділікті азайтып, халықты қолжетімді әрі сапалы препараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бағыт жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ғылым мен технологияның дамуына жол ашады. Фармацевтика өнеркәсібі дамыған елдің кез келген төтенше жағдайға дайын болатыны да айқын.

Жолдауда көтерілген бұл бастама – болашақты ойлаған нақты қадам. Егер фармацевтика саласы жүйелі түрде дамытылса, еліміздің денсаулық сақтау саласы нығайып, халықтың өмір сапасы арта түсері сөзсіз. Бұл – ел тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қызмет ететін маңызды шешім.

 

Г.СӘДУАҚАС,

МАХАМБЕТ АУДАНЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT