Төремұрат ЕСЕНҒАЗИЕВ: «Еселі еңбегім туған жеріме арналды»

Қазақ «туған жерге туыңды тік!» деп бекер айтпаған. Бар саналы ғұмырын туған жеріне, Таңдайына арнаған мемлекеттік қызмет ардагері Төремұрат Есенғазиев ағамыз.

Жалпы Төремұрат ағамыз еңбек жолын Теңіз мал бордақылау кеңшарында бастаған екен. Одан әрі Бақсай кеңшарында мал маманы, ферма меңгерушісі, зоотехник, Бақсай ауылдық округінің әкімі қызметін де абыроймен атқарған. Өзінің еңбек жолы туралы Төремұрат аға былай деді:

-«Мен де – Тәуелсіздік жылдары елімізге, туған ауылымызға еселі еңбек еткен жанның бірімін. Туған ауылымды көркейтуге, өркендетуге барынша жұмыстандым. Өз еңбек жо­лымды Теңіз мал бордақылау кеңшарында құрылысшылықтан бастап, Бақсай асыл тұқымды кеңшарында мал маманы, ферма меңгерушісі, зоотехник, Бақсай селолық кеңесінде төраға, ауылдық округ әкімі, «Лиман Каспион Ойл ВVA» кәсіпорнында учаске меңгерушісі болдым. Кейін ұзақ жылдар «Аманат» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып, партия жұмысына белсене араластым. Зейнеткерлік демалыста болсам да, қоғамдық жұмыс болса да, өзіме тапсырылғанды барынша атқаруға тырысамын»-дейді ардагер ағамыз.

Күләш апа екеуінің Сырым, Раушан, Гүлім атты балалары бар. Бүгінде ұлы үйленген, қыздары тұрмыс құрған. Төремұрат аға мен апай екеуінің бірнеше жиен, немеренің ата-әжесі атанып отырған жайы бар.

А.ТЕКЕБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT