Өткен күн – бүгінгі тарих

Д.Төленов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте «Өнер, тарих, тіл - гуманитарлық пәндерінің өзара байланысы» атты гуманитарлық пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында 90 жылдан астам тарихы бар білім ордасының шежіресі жазылған тұңғыш кітаптың тұсаукесері өтті. Оған мектептің ардагер ұстаздары да қатысты. Қасиетті қара шаңырақ Д.Төленов атындағы мектептің тарихы бір кітаппен шектелмесі анық. Әйтсе де, бұл еңбекті жазып шыққан авторлардың еңбегі зор.

Аталмыш білім ордасында ұзақ жыл­дардан бері тарих пәнінің мұғалімі Орынгүл Гарифуллина – ауданға белгілі ұстаздар династиясынан шық- қан өте тәжірибелі маман. Ал кітаптың екінші авторы Сәттібек Купашев – осы мектептің жас маманы, алдыңғы буын тарихшылардың ізін жалғап келе жатқан білікті ұстаз.

Атап өткеніміздей, бір кездері мек­теп-гимназия статусын алған, дарынды балаларға арналған аудандағы алғаш мектеп атанған Д.Төленов атындағы білім ордасынан талай шәкірт түлеп ұшып, талай ұстаз тәжірибесін шыңдады. Өткен күн – бүгінгі тарих. Тұсауы жаңа кесілген «Шежірелі мек­теп» кітабының әр парағында келер ұрпаққа керек құнды мағлұматтар мен белгілі тұлғалардың, есімі елге сыйлы ұстаздардың өмірдерегі, еңбек жолы жазылған. Олардың бірқатары кешегі өткен шарада қара шаңырақтың жаңа ғимаратында бас қосып, жаңа ту­ындымен танысып, жылы лебіздерін арнап кетті. Ұзақ жылдар мектеп- гимназияның басшылық қызметін атқарған, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Мұсташ Мұхтарұлы мен білім ордасының қазіргі дирек­торы Талшын Ғабитқызы кітаптың тұсауын кесіп, лента қию рәсімін жа­сады.

Он үш бөлімнен тұратын кітаптың алғысөзден кейінгі алғашқы бетінде «Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 24 шілде 1990 жыл №295 «Ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, Қазақ ССР Ғылым Академиясының материалдық-техникалық базасын нығайту және республикада ғылыми кадрлар резервін даярлау жөніндегі ша­ралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, Қазақ ССР-інің тіл туралы заңына сәйкес жасөспірімдердің бойындағы эстетикалық, өнерпаздық дарындарын дамыту мақсатында Қазақстан Респу­бликасы Атырау облысы Махамбет ауданы әкімі Қуаныш Сирановтың 1992 жылғы 27 сәуірдегі «Аудан орталығында дарынды балалар кла­стары бар қазақ орта мектебін ашу туралы» шешімі жазылған. Іргетасы негізінен 1938 жылы қаланған білім ордасы 1960 жылдан 1992 жылға дейін әуелі Жаманқала, кейін Махамбет орта мектеп-интернаты болып жұмыс жасады. Атырау қаласынан және Ин­дер, Исатай, Махамбет аудандарының алыс қыстақтардағы малшы ба­лалары қабылданып, оқу-тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған білім мекемелерінің бірі болды. Мектеп- интернатта Жаролла Бисенғалиев, Дүйсенғали Төленов, Мәтжан Аманғалиев, Қабижан Салихов, Сүйеу Ағелеуов, Дүзелбай Діңғазиев, Мұсташ Есенғалиев сынды білікті басшылар қызмет етті. Сол жылдардағы мектеп- интернаттың алғашқы шәкірттерінің бірі, ауданға белгілі ақын, мәдениет саласының ардагері Есенғалиев Амангелді ағамыз әсем кештің қонағы болды.

Мектеп-интернаттың, мектеп- гимназияның басшылары мен ұстаздары, үздік шәкірттер мен түлектер, пән бірлестіктері, фотосу­реттер мен жаңа тұрпаттағы мектеп туралы деректер келтірілген 149 бет­тен тұратын кітаптың ішінде біраз құнды дүниелер мен зерттеулер жазылған. Аталмыш білім ордасының түлегі ретінде талай жанның шырағын жаққан, білім нәрімен сусындатқан, ең білікті, білімді ұстаздар тәлім берген мектебіміздің бір ғасырға жуық тари­хында бір шежіресі жарық көргені біз үшін де үлкен қуаныш. Осы еңбектің жарық көруіне үлес қосқан әрбір жан, ертең біз ұрпағымызға көрсете ала­тындай құнды дүниені аманаттап отыр. Бір кездері мектеп-гимназия статусы­мен талай білім додасында облыс, ре­спубликаны мойындатқан шәкірттер мен ұстаздардың еңбегі – бүтін бір тарих. Сол тарихты қағаз бетіне түсірген авторлардың еңбегі де елеусіз қалмайды деп сенеміз.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT