Өнерімен өрге жүзген Ерқанат

Зәмзәм Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебінде «Тұманың тұнығындай тума талант» атты жас дарынды әнші Ерқанат Сайынмен кездесу өткен еді.

Бала кезінен-ақ музыкаға, әнге құмар бала екенін байқатты. Бұл да­рыны, әнге құштарлығы өз жұртынан да, нағашыларынан да дарыса керек. Нағашысы Мұқажан Избулов белгілі дәулескер күйші Зәмзам Ещанованың шәкірті еді. Ол кісі қасиетті қара домбыраның ғана емес, өзге де музыкалық аспаптардың құлағында ойнаған күйші болған. Нағашы әжесі Сара да – күміс көмей әнші, ардагер­лер ансамблінің әншісі.

Ерқанат Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің табалдырығын аттап, сол білім ошағында оқып жүр. Ол мектептегі түрлі шараларға белсене қатысады. Ата-анасы баласының талантын байқап, оны З.Ещанова атындағы өнер мектебіне оқуға берді. Бүгінде өнер мектебінің 4-сыныбында оқитын оның өнер жолына түсуіне тікелей ықпал ет­кен ұстазы – Аружан Кенжетайқызы. Шәкірті үшін көп еңбек сіңірген ұстазы Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттармен марапатталды. Ерқанат халықаралық «Жас дәурен», «Ақ сәулелі алтын таң» байқауларының І дәрежелі лауреаты, республикалық «Арт бәйтерек», облыстық «Жа­дыра, жас дарын!» байқауларына қатысып, бақ сынаған. Республикалық байқауларында І дәрежелі лауреат атанса, облыстық «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндеріне арналған фестивальде өнер көрсетіп, гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Енді сахна төріне Ерқанат шақырылып, өнерін көрсетуге кірісті. Ерқанат Жәнібекұлы Жұбаныш Жексенұлының «Жолдар», Меладзенің «Обернитесь», «Анажан» әндерін шырқап, көзге түсті. Сахна төріне Аружан ұстазымен бірге шығып, халық әні «Айқаракөзді» тамылжы­та орындап, ел-жұрттың қошеметіне бөленді. Өнер кеші есте қаларлықтай өтіп, тыңдарманына керемет көңіл-күй сыйлады.

Назымгүл МҰҚАМБЕТҚАЛИЕВА,

З.Ещанова атындағы өнер мектебі

директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT