Тілге құрмет – елге құрмет

Ұлттың ұлт болып қалуы, оның болашағы, мемлекеттің әрі қарай өркендеуі бірінші кезекте оның ана тіліне байланысты. Ана тілін ұлықтап, оның мәртебесін артты­рып отырған халықтың егемендігі баянды, тұғыры биік болады.

 Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – халқымыздың баға жетпес байлығы, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асыл мұрасы.

Туған тілге деген махаббат ешқашан өшпейді. Қандай адам болмасын, ой- өрісінің, білімінің, мәдениеті мен ру­хани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игер­ген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де та­лап қоя алады, сөзді орынсыз қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.

Тілге деген құрмет – халыққа де­ген құрмет. Демек, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтуы тиіс. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың парызы. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары.

Тіл – ата-бабаларымыздан қалған ама­нат. Ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – баршамыздың бо­рышымыз.

Н.КАБЕНОВА,

аудандық сот әкімшісінің

жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT