Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Саденовтың нұсқауына сай Махамбет ауданы көлемінде ағымдағы жылғы 5-29 ақпан аралығында «Қауіпсіз» жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жедел профилактикалық іс-шарасының мақсаты –елді-мекендер мен тас жолдарда жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу болып табылады.
Жедел профилактикалық іс-шара өткізілу кезеңінде жолда жүру ережесін бұзған жүргізушілерге ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделгендегін қаперлеріңізге бере отырып, бұл ретте көлік құралы иелерінің немес жүргізушілерінің міндетті сақтандыру шартын жасамауы, белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, мемлекеттік немесе міндетті қарап тексеруден өтпеген көлік құралын басқару, телефонды немесе радиостанцияны пайдалану қағидасын бұзу, жылдамдықты асыру, жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидасын бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, маневр жасау қағидасын бұзу, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу, алкогольдік ішімдігін ішкен күйде көлік құралын басқару, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқаруы, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолдың жүріс бөлігінен жүріп өтуі сынды құқық бұзушылықтарға назар аударылатын болады.
Р.Кайрекенов
Махамбет АПБ ППТ
қызмет аға инспекторы
полиция капитаны