Теолог маманы жастармен кездесті

Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық түсіндіру тобының екінші жарты жылдығына арналған мақсатты топтарға кездесу өткізу тапсырмасына сәйкес,  «Қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету: жастардың теріс ағымдарға қарсы күрес рөлі» атты семинар Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде  ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер, Жастар ресурстық орталығының басшысы ақпараттық АТТ мүшесі Ақжол Конысбаев және “Жәрдем-Атырау” корпоративтік қорының теологы Нұрбек Махмұдұлы қатысты. Шара барысында жастардың теріс діни ағымдардың әсеріне қарсы күресудегі белсенді рөлі, олардың діни сауаттылығын арттыру және дұрыс ақпаратқа қол жеткізуінің маңыздылығы талқыланды.

“Жәрдем-Атырау” корпоративтік қорының теологы Нұрбек Махмұдұлы өз баяндамасында теріс ағымдардың жастарды қалай арбауы мүмкін екендігін, олардың қоғам мен мемлекетке әкелетін зияндарын нақты мысалдармен түсіндірді. Ол сондай-ақ, жастарды діни экстремизмнен қорғау үшін ата-аналар, мектеп, қоғамдық ұйымдар және мемлекеттік құрылымдар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру және дін туралы нақты әрі сенімді ақпарат жеткізу – қоғамның тұрақтылығы мен болашағын қамтамасыз етудің негізі.

Шараның қорытындысында мектеп оқушылары теріс ағымдарға қарсы күрес пен діни сауаттылықтың маңыздылығы туралы құнды ақпарат алды. Теолог Нұрбек Махмұдұлының баяндамасы оқушыларға түсінікті әрі әсерлі болды, олар теріс идеологиялардың қауіптілігі және оларға қарсы күресудің жолдары жөнінде терең білім алды.


Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521