Ауданда 18 референдум учаскесі бар

6 қазан күн еліміз үшін маңызды қадам атом электр стансасын салу жөнінде республикалық референдум өткізілмек. Науқанды өткізуге тікелей жауапты органдардың дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Осы орайда, республикалық референдумға байланысты сауалдары­мызды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тұрдағали Рымбек Жауқашұлына қойған едік.

-Ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін АЭС жөніндегі республикалық референдум өткізуге дайындық жұмыстары қалай жүруде?

- Махамбет аудандық аумақтық референдум комис­сиясы республикалық референ­думды дауыс берушілер арасында ақпараттандыру бойынша іс- шаралар жоспарын жасақтады. Ауданның 14 елді мекенінде 22 жерге 6 қазанда республикалық референдум өтетіндігі жөнінде ба­нерлер ілінді.

Аудандық аумақтық рефе­рендум комиссиясы және оның мүшелері жөнінде айтып өтсеңіз? Қанша референдум учаскесі бар?

- Аудан бойынша 21 елді мекен болса, соның 14 елді мекенінде 18 референдум учаскесі белгіленді. Оның барлығында 110 комиссия мүшесі бар. Комиссия мүшелерінің саны елді мекендердегі дауыс берушілер санына байланысты. Дауыс берушілер саны 1000-ға дейін болса комиссия мүшесі 5-еу болуы міндетті. Ал, 1000 аса дауыс берушісі бар елді ме­кенде комиссия мүшесінің саны 7-еу болады. Осы 110 референ­дум комиссия мүшелері және аудандық аумақтық референ­дум комиссиясының 7 мүшесі толықтай облыстық, аудандық семинарларға қатысып, одан бөлек каскадты оқыту арқылы рефе­рендум заңдылықтары жөнінде оқулардан өтті. Оның барлығы учаскелік комиссия мүшелерінің өз міндеттерін толық білуіне, да­уыс беру күні жауапкершілікпен, Заң шеңберінде жұмыс жасау үшін.

- Әрбір референдум учаскесі бойынша дауыс беру құқықығы бар адамдар саны қанша?

- Аудан бойынша дауыс беру құқығы бар адам саны –17065.

- Референдумға шақыру қағазының қаншасы таратылды?

-Референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойылғаннан кейінгі 10 күн ішінде референдум комиссиларының құралдарын, референдум учаскелерінің ше­краларын және олар орналасқан орындарын БАҚ, интернет парақшаларына жарияланды. Бүгінгі күні учаскелік референ­дум комиссиялары референдумға қатысу құқығы бар адамдардың тізімдерін нақтылап, шақыру қағаздарын жазып, таратуда. Бұрын шақыру қағазы әр үйге та­ратылса, биылғы ерекшелік дауыс беру құқығы бар әр азаматқа жеке- жеке табысталуда.

Махамбет аудандық аумақтық комиссиясы аудан халқын еліміз үшін маңызды республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шақырады.

Сұхбаттасқан: Б.МӘЛІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521