Біздің бүгінгі кейіпкеріміз өрт сөндіру саласында бес жылдан астам уақыт қызмет атқарып, әріптестері арасында өзінің адал еңбегімен көзге түсіп, абыройға бөленумен келе жатқан Айзада Сатыбалдықызы.
Өрт сөндіру саласында қызмет атқарған жылдары Айзада түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды бастан өткерді. Түрлі сипаттағы төтенше жағдайлармен өрттерде ғана емес, ақ түтек боранда жолда қалған азаматтарға дер кезінде көмек пен құралдарды жөнелтіп, апат орнынан құтқаруға өз үлесін қосып келеді.
Айзада бүгінде өзінің екінші отбасына айналған кезекшілік қарауылмен бір жеңнен бас, бір жағадан қол шығара еңбек етуде. Ал үй табалдырығын аттаған сәттен бастап, қыздарының сүйікті анасына айнала білетін ол- қазіргі таңда жолдасы Әділетпен екі қыз өсіріп отырған ұлағатты жанұя.
Әрбір осындай қызметтегі әйел жайлы том-том кітап жазса да артық етпейді. Қай жерде, қай мамандықта болса да әйел адамдардың орны ерекше. Олар – ең алдымен елі арқа сүйетін ұл –қыздарды дүниеге әкелетін ана. Ал әр алыптың артында аналардың тұратыны белгілі. Әйелдер әрдайым ер-азаматқа серік болып, шаңыраққа жылу сыйлаудан шаршаған емес.
Е.Аханов,
Махамбет ауданы №11 Өрт сөндіру бөлімі бастығы,
азаматтық қорғау капитаны