Арулар, асыл жандар!

Білім бөлімі саласындағы ер азаматтардың осы саланың аруларына арнау өлеңдері:

a

Светлана Аманшиеваға!

Қызмет қылып ерлер менен иық тең,

Жан-жағына жақсыларды жиып кең

Ертілеуқызы Светланаға ақ тілек

Көрейікші алдағы күн де биіктен.

050320aigyl

 

Айгүл Сұлтанғалиеваға!

Бердешқызы-басқарады бөлімді,

Келе сала игі істері көрінді,

Жалақысы көтеріліп ұстаздың

Саламызға қаражаттар бөлінді.

g

Гүлзада Неталиеваға!

Білім алған шәкірттері жастанып,

ҰБТ-да сол мектептен басталып,

Қорғанбайқызы Гүлзададай басшы тұр

«Ақ школды» аппақ күйде басқарып.

t

Талшын Ідіркеноваға!

Гимназия гүрілдеді бүгінде,

Дарынды мен көңіл бөлген білімге,

Ғабитқызы Талшын басшы қол бастап

Көтеріп жүр нардың ауыр жүгін де.

j

Жанаргүл Дүйсенғалиеваға!

Батыр атын арқалаған Шонаев,

Жетістіктер келе жатыр молайып,

Ғалымжанқызы Жанаргүлдің еңбегі

Даңқы өссін шын тілектес болайық!

j

Ғилым Жексенбаеваға!

Тарихына туған жердің кенелер,

Білім менен басты мақсат тек өнер,

Қуанқызы Ғилым басшы өзіңе

Жаңа серпін береріңе сенеді ел.

a

Райса Әлдешоваға!

Сарытоғайдай саялы жер күш маған,

Қыран бар ма қиясынан ұшпаған

Балтабайқызы Райсаны білеміз

Мектебінің туын биік ұстаған.

jymagalieva050320

Нұргүл Жұмағалиеваға!

Құсиынмен аты шыққан он жеті,

Ол абызды құрметтеді жер беті,

Смағұлқызы Нұргүл басшы тұрғанда

Кірлей қоймас бұл мектептің келбеті.

fazila050320

Фазила Тюринаға!

Биіктерге мектебіңді таныттың,

Сәуле нұрын төге берсін жарық күн,

Жауғашқызы Фазила деп таниды

Басшы әрі депутаты халықтың.

e

Эльмира Еспусиноваға!

Аудандағы жалғыз өнер мектебі,

Талай талант түлеп ұшып көктеді,

Жалғасқызы Эльмираға бір тілек

Жұлдыздарың көбейсе екен көктегі.

Өлеңдердің авторы: Серік Қойшығұлов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521