Тегін нан таратылды!

Мерекелік жәрмеңкеге жиналған халықтың да қарасы көп болды. Ауданға қарасты 20 шаруа қожалық орталық алаңға жиналып, өз өнімдерін ұсынды. 

«Мерекелік жәрмеңке болған соң, тауарлардың бағасын  15 пайызға төмендетіп ұсындық, Ауыл тұрғындарына барлығы қолжетімді болу үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз» -дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы О.Мырзабаев.

Ет-сүт, жұмыртқа, көкөніс пен бау-бақша өнімдерінің бәсі әдеттегіден арзан, әрі тиімді болған  соң, сұраныс та жоғары болды.  Сонымен қатар, жылымыз берекелі, мол болсын деген ниетпен  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атынан осы жәрмеңкеде 150 нан тегін таратылды. 

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT