Көше атауларын беруге байыппен қараған жөн

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел өмірінде маңызды мәселелер аясында сөз қозғады. Соның ішінде, қазіргі таңда ел ішінде «көшенің аты көкеме, ауылдың аты атама» деген  өтініштердің көбейіп кеткені жөнінде сөз болды. 

- «Көшелер мен елді-мекендерге атау беру немесе атауларды өзгерту мәселесіне келгенде жергілікті атқарушы органдар көп қателік жіберген, бұл ретте тіпті, жерлестік пен тамыр-таныстыққа жол берілген. Сондықтан бұл істі орталықтандыру туралы шешім қабылданды. Депутаттар бастамаға қолдау білдірді. Соның нәтижесінде бізде ономастика саласындағы жұмыстың бірыңғай әрі нақты регламенті бар. Алайда тиісті рәсімдерді өзгертіп қана қоймай, сонымен бірге, бұл жұмыспен тиянақты айналысу керек. Тарихи әділдік қағидатын қатаң ұстану қажет, - деді Қ.Тоқаев

Президент елімізде жоғары қызмет атқарған азаматтардың өзі кеңес дәуірінің қайраткерлерін, соның ішінде ашаршылықты ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды әсіре мадақтаумен айналысып жүргеніне өкініш білдіріп жәнебұл жұмысты ретке келтіру қажеттігін алға тартты.

Қарап отырсақ, еліміздің тарихында айрықша рөл атқарған әйгілі бабаларымыздың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге берілген. Мемлекет басшысы, ешқандай науқаншылдық болмауы қажеттігін және  халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізіп, тұрғындардың пікірін ескерудің маңыздылығын да атап өтті.

-  Қазір елді мекендердің аумағы ұлғайып жатыр, қалаларда жаңа аудандар бой көтеруде. Осыған байланысты атауы қайталанатын немесе мүлдем атауы жоқ мыңдаған көше пайда болды. Бұл жағдай өрт сөндірушілерге, тәртіп сақшыларына, жедел жәрдем мен басқа да құрылымдарға қиындық туғызады. Ең алдымен осындай көшелердің атауын ретке келтіру қажет, - деп ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Нұргүл ЛҰҚПАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT