Орталық алаңдағы мерекелік шарадан соң аудан әкімі бастап ауылдың жас-кәрісі халыққа арнап тігілген киіз үйлерден дәм ауыз тиді. Қаз қатар тігілген ақ шаңқан сегіз отаудың әрқайсысында ауданға қарасты мекемелер ұжымы дастарқан жайып, қонақтарына дәм ұсынды.
Дастарқан жайып қана қоймай, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері де дәріптелді. Бірінде беташар, бірінде сырға салу, бесік тойы, тұсаукесер өтіп жатса, енді бірі жастардың басын қосып селт еткізер мен ұйықашарын ұйымдастырыпты. Тоқымқағарды тамашалаған халық мәре-сәре болып, думанды тойдың ортасында шат-шадыман жүр. Ұлтымызға тән дәстүр-салтымызды осылайша мереке күндері де жаңғыртып, кең көлемде насихаттау, жас ұрпақтың санасына серпін берерері сөзсіз. Мәселен, беташар рәсімінің өзінде жуырда ғана шаңырақ көтерген жас отбасыға халық та өз батасын беріп, бақыт тілеп жатты. Тіпті, рәсімге қатысушылар келіннің көрімдігін беріп, барлық жөн-жоралғысымен бетін ашты. Аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев әр отауды жеке аралап, көріністірді тамашалап, өзінің жылы лебізін арнап шықты.
А.САТАЕВА